Сіздің мысығыңыз немесе итіңіз үшін үй жануарларын сақтандыру

  • Біздің компанияға 35000 -нан астам клиент сенеді
  • Сақтандыру құны 11000₸
  • MyPet сақтандыру бағдарламаларының кең спектрі
3 минут ішінде төлеңіз

Сақтандыру полисін онлайн сатып алу

Электронды құжат әдеттегі қағаздағы шартқа тепе-тең Ұсыныс барлық клиенттер үшін қолданылады
01
Сауалнама
Деректерді толтырыңыз да, ұсынысты алыңыз
02
Ақысын төлеу
Сақтандыру ақысын онлайн түрде қолайлы тәсілмен төлеңіз
03
Полисті алыңыз
Құжаттарды e-mail-ден немесе жеке кабинеттен алыңыз

Клиенттер неліктен бізді таңдайды?

Айрықша ұсыныс
Қазақстандық нарықтағы абсолютті жаңа және бірегей өнім
Кез келген түрін сақтандырамыз
Кез келген жануар өзінің асыл тұқымдығы немесе асыл тұқымды еместігіне қарамастан, сақтандырылуға құқылы
Қолжетімді баға
Белгіленген баға клиент үшін барынша ыңғайлы болып табылады.
Франшизаның болмауы
Біздің тарапымыздан ешқандай шегерусіз, толық көлемінде төлем жасаймыз.
Төлем 10 күн ішінде
Төлемді жедел жүзеге асыру рәсімі және төлем үшін барынша аз құжат
Барынша жоғарғы іскерлік бедел
Біз клиенттеріміздің сенімін бағалаймыз және оны толық көлемінде ақтаймыз

Қандай тәуекелдерді өтейміз?

Ең жоғарғы сақтандыру өтемі 500 000 теңгені құрайды
Опат болу немесе жарақаттану
Жануардың жазатайым жағдайдың салдарынан (өрт, қатып қалу, көліктің қағуы, басқа жануарлардың шабуылы) салдарынан опат болуы, жарақаттануы.
Опат болу немесе мәжбүрлі ұйықтату
Жануардың жұқпалы ауруға шалдығуы (құтырма, чумка, басқа жұқпалы аурулар)
Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері
Ұрлық, жарақаттық зақымдар келтіру, уландыру
Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік
Үшінші тұлғалардың өміріне және денсаулығына зиян келтіру, сондай-ақ мүлкін зақымдау

Сіздің жануарыңыз біздің қамқорлығымызда

Сақтандыру сомасы
Опат болғаны және жоғалғаны үшін 500 000 теңгеге дейін
Таңдалған сомадан 20%
Жарақаттану кезінде емдеу шығындарын өтеу
Үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін
300 000 теңгеге дейін
3 минут ішінде ресімдеу

MyPet бағдарламасы бойынша басқа пайдалы ақпарат

  • Сақтандыруға үй жануары жатады: ит немесе мысық, мынадай тәуекелдерден сақтандырылады: сыртқы әсердің салдарынан үй жануарының жарақатты зақымдануы. Мысалы, өрттің, электр тоғы әсерінің, жарылыстың, күн өту немесе ыстық өтудің салдарынан, жылжымалы көліктің астына түсу, ұрлау немесе тонау және т.б. Сондай-ақ сақтандыру қорғанысы жануардың опат болуы немесе оның жұқпалы ауруға шалдығуы салдарынан оны ұйықтатуға мәжбүр болу жағдайларында да ұсынылады. Қосымша үшінші тұлғаларға зиян келтіргені үшін үй жануары иесінің жауапкершілігі де сақтандырылатын болады.
  • Сақтандыру құны сақтандыру сомасының таңдалған лимитіне (мөлшеріне) тәуелді болады.
  • Сақтандыру қорғанысының әрекеті сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күнтізбелік 5-күнде басталады.
  • 1. Құзіретті органдарға хабарлаңыз: ауру кезінде — ветеринарлық қызметке; өрт кезінде — ТЖД, құқық қорғау органдарына, ветеринарлық қызметке; дүлей апаттар кезінде — ТЖД, Казгидромет, ветеринарлық қызметке; жазатайым жағдайлар кезінде — ветеринарлық қызметке, құқық қорғау органдарына; ұрлық, тонау, қарақшылық кезінде — құқық қорғау органдарына. 2. Сақтандыру компаниясына хабарлаңыз. 3. Сақтандыру жағдайының себептері мен салдарын анықтауға тырысыңыз. 4. Жануарларды ұстау туралы барлық жазбаларды және құжаттаманы өзгеріссіз сақтаңыз: тамақтану рационы туралы мәліметтер (түбіртектер, қаптама), ветеринарлық мекеменің қорытындысы және сақтандыру объектісіне және орын алған оқиғаға қатысты басқа құжаттар.
  • Сақтандыру төлемі Шартта көрсетілген сақтандыру сомасының шегінде жүзеге асырылады. Жануардың жарақаттануы немесе мертігуі кезіндегі залалдың мөлшері ветеринарлық қызметтің қорытындысы және емдеуге кеткен, расталған нақты шығындардың негізінде анықталады. Жануар опат болған жағдайда - ветеринарлық қызметтің қорытындысы. Мынадай құжаттар қажет: 1) Шарттың көшірмесі; 2) Сақтанушының орын алған оқиғаны қысқаша сипаттаған, жазбаша өтініші; 3) мамандандырылған ұйымдардың жануарға берген құжаттарының көшірмелері: қызметтік ит асыраушылар клубы, мысықсүйгіштер клубы, жануарларды қорғау қоғамы немесе лицензиясы бар ветеринарлық қызмет берген үй жануарының паспорты, сондай-ақ халықаралық ветеринарлық паспорты болған кезде, үй жануарына шыққан тегі жөніндегі құжат болған кезде;
  • Жоқ, әрбір жануарға бөлек сақтандыру шарты жасасылады.
  • Сақтандыру шартын тек мамандандырылған ұйымдарда (қызметтік ит асыраушылар клубы, мысықсүйгіштер клубы, жауарларды қорғау қоғамы) тіркелген немесе лицензиясы бар ветеринарлық қызмет берген үй жануарының паспорты, сондай-ақ халықаралық ветеринарлық паспорты, шығу тегі бар жануарларға ғана ресімдеуге болады. Бұл ретте жануарды тіркеу құжаттарының берілген мерзімі 3 айдан аз болмауы керек.
  • Сақтандыруға 6 айдан бастап 7 жасты қоса алғандағы үй жануарлары қабылданады.
  • Өтінім-сауалнаманы тапсыру күніне белгіленген лимит шегінде: асыл тұқымды емес жануарларға қатысты 100 000 теңгеге дейін; асыл тұқымды жануарларға және шыққан тегі бар жануарларға қатысты 250 000 теңгеге дейін; шыққан тегі бар асыл тұқымды жануарларға ғана қатысты 500 000 теңгеге дейін. Жануардың жарақаттануы кезіндегі шығындар лимиті – емдеу шығындары, бірақ сақтандыру сомасының 20%-нен артық емес. Үшінші тұлғалардың өміріне және денсаулығына, сондай-ақ мүлкіне келтірілген зиян үшін 300 000 теңгеге дейін.
Мәселенің басын ашуға уақыт жоқ па? Түсіндіреміз.
Біздің менеджер Сізбен барынша тез арада байланысады және Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді, әрі Сізге ең үздік нұсқаны ұсынады.
Кеңесшімен байланысу
Далабаева Молдир
Кеңесші менеджер